Жарияланған күні: 30.09.2024 15:12
Өзгертілген күні: 30.09.2024 15:14

Тауарларды өткізу бойынша айналым:



1) мыналарды:



тауарды сатуды, тауарды тиеп-жөнелтуді, оның ішінде төлемді бөліп төлеу шарттарымен және (немесе) басқа тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге айырбастай отырып, тауарды сатуды, тиеп-жөнелтуді;



кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде тұтастай сатуды;



тауарды өтеусіз беруді;



жұмыс берушінің жұмыскер алдындағы берешекті өтеу есебіне жұмыскерге тауарды беруін;



кепіл берушінің кепілге салынған мүлікті сатып алушының немесе кепіл ұстаушының меншігіне беруін қоса алғанда, тауарға меншік құқығын беруді;



2) тауар экспортын;



3) тауарды тиеп-жөнелтуді, оның ішінде төлемді бөліп төлеу шарттарымен және (немесе) басқа тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге айырбастай отырып, тауарды тиеп-жөнелтуді;



4) лизинг нысанасы берілген құн бөлігінде мүлікті қаржы лизингіне беруді;



5) тауарды комиссия шарты немесе тапсырма шарты бойынша тиеп-жөнелтуді;



6) бұрын экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген тауарды кері импорт кедендік рәсімімен орналастыруды;



7) Салық кодекстің 394-бабында көрсетілген тауардан басқа, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, қосылған құн салығынсыз сатып алынған тауарды жоғалтуды білдіреді.