
Маркировка – бұл орамаға бірегей Data Matrix кодын жағу, ол тауар туралы толық ақпаратты қамтиды: өндіруші, шыққан елі, шығарылған күні және басқа да параметрлер.
Бұл жүйе әрбір темекі өнімінің зауыттан бастап түпкі тұтынушыға дейінгі жолын қадағалауға мүмкіндік береді.
Маркировка енгізілгеннен кейін мемлекет:
-темекі өнімдерінің айналымын бақылауды күшейтеді;
-контрафактілік деңгейін төмендетеді;
-салық түсімдерінің тиімділігін арттырады;
-тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
Қазақстанда маркировка жүйесінің операторы – "Цифрлық экономиканы дамыту орталығы" ЖШС (CRPT-KZ).




























