Жарияланған күні: 10.07.2017 10:14
Өзгертілген күні: 10.07.2017 10:48

2017 жылдың 5 шілдесінде Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал» науқанының маусым айының кезекті жеңімпаздары анықталды. Электрондық сандардық айналымы негізінде үш жеңімпаз анықталды.

Науқанның жеңімпаздары:

1 орын-Жумабике ID 3770691 чекпен 11.06.2017 жылғы;

2 орын-Жұлдыз ID 3812383 чекпен 14.06.2017 жылғы;

3 орын - Әлия ID 3827145 чекпен 15.06.2017 жылғы және ең көп чектерді жіберуіне байланысты маусым айының қатысушысы Кәусар 1 805 чекті жібергені анықталды, белсенді қатысқаны үшін жұбаныш жүлдесіне ие болады.

Жеңімпаздарды анықтауда науқанның ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласында бизнес-қоғамдастық өкілдері мен ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен комиссия құрылған.

Науқанның басты мақсаты тұтынушылардың құқығын қорғау, кәсіпкерлерді адал бәсекелестікке ынталандыру, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мен республикалық және жергілікті бюджет түсімдерін арттырып, көлеңкелі экономика көлемін азайту болып табылады.

Науқан электрондық форматта «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізіледі. Бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады.