
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі-Астана қаласы бойынша МКД) 2024 жылғы 15 қыркүйекте активтер мен міндеттемелер туралы 250.00-нысан (236 001 жеке тұлға) және кірістер мен мүлік туралы 270.00-нысан (226 660 адам) декларацияларды ұсыну мерзімі аяқталатынын хабарлайды. Ағымдағы жылдың 15 тамызындағы жағдай бойынша декларацияны елорданың 245 мыңнан астам тұрғыны ұсынды.
Сонымен қатар декларацияларды электронды түрде ұсынудың бірнеше тәсілдері қарастырылған салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), "электрондық үкімет" порталы (egov.kz) арқылы, сондай-ақ eSalyq Azamat, eGov mobile, Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz мобильді қосымшалары арқылы.
Астана қаласы бойынша МКД салық міндеттемесінің уақтылы орындалмауын болдырмау үшін тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша табыс етілетін декларацияны алдын ала тапсыруды ұсынады.
Салықтар туралы толығырақ 1414/3 нөмірі бойынша немесе Instagram @astana_mkd.