
Бұдан бұрын, 2015 жылғы 18 қарашадағы № 412-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан кейін- жалпылама декларациялау бойынша Заңы) 2017 жылғы 01 қаңтардан, салық шегерімдерін сонымен қатар, қосымша салық шегерімдерін қосқанда қолдану тәртібі бойынша Салық Кодексінің (Жеке табыс салығы) 6 тарауының құрлымында өзгертулер қарастырылған болатын.
Сондай-ақ осы Заңда табыс пен мүлікті декларациялау жүйесін кезең-кезеңімен енгізу мәселесі қарастырылған:
2017 жылдың бірінші кезеңінде – декларацияны мемлекеттік қызметкерлер, соттар, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың және ұлттық компаниялардың әкімшілік персоналдары тапсырады.
2020 жылдың екінші кезеңінде – барлық қалған жеке тұлғалар тапсырады.
Бірақ, 2016 жылғы 30 қарашадағы № 26-VI Қазақстан Республикасының Заңымен жалпылама декларациялау Заңының 11 бабына 2020 жылдың 01 қаңтарынан күшіне енетін бөлігіне өзгертулер енгізілді, яғни, 2020 жылдан бір кезеңге декларациялау мерзімдерін ауыстыру қарастырылған.
Осыған байланысты, Заңда 2017 жылғы 01 қаңтардан бұдан бұрын көрсетілген барлық нормалар 2020 жылғы 1 қаңтардан күшіне енеді.
2020 жылдың 1 қаңтардан жалпылама декларациялауға байланысты, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңдарына өзгертулер енгізілді.
Сонымен бірге, жалпылама декларациялау бойынша Заңына қолма -қол ақша, дебиторлық, кредиторлық берешектің шегін арттыруды қарастыратын, сонымен қатар басқа да мүлікке, декларацияда көрсетілетін активтер мен міндеттемелер туралы 160-еселік ТЖМ 500-еселік ТЖМ дейін өзгертулер енгізілді.
Сонымен қатар, жеке тұлғалардың декларациясын мерзімінде немесе толық тапсырмағаны үшін/декларацияда мәліметтерді толық көрсетпегені үшін, қайталап жасалғаны үшін, әкімшілік айыппұл мөлшерін 30-еселенген АЕК-тен 3-еселенген АЕК-ке дейін төмендетуді қарастыратын «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексінің 272 бабының 2-2 тармағына өзгертулер енгізілді.