Жарияланған күні: 03.03.2025 17:50
Өзгертілген күні: 03.03.2025 17:51

Жеке практикамен айналысатын адамның кірісіне мыналар жатады:

1) жекеше нотариустың кірісі;

2) жеке сот орындаушысының кірісі;

3) адвокаттың кірісі;

4) кәсіпқой медиатордың кірісі.

Заңгерлік көмек көрсеткені, нотариаттық әрекеттерді жасағаны үшін тиісінше ақы төлеуді қоса алғанда, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті, нотариаттық, адвокаттық қызметті, кәсіпқой медиатор қызметін жүзеге асырудан алынған кірістердің барлық түрі, сондай-ақ қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден алынған сомалар жеке практикамен айналысатын адамдардың кірісі болып табылады.