Жарияланған күні: 18.09.2024 17:20
Өзгертілген күні: 18.09.2024 17:21

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату үшін салық органына қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті, тарату салықтық есептілігін, бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті (ол болған кезде) ұсыну қажет екенін хабарлайды.

Бұл ретте салық төлеуші мынадай шарттарды ұстануға тиіс:

  • салық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
  • қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде болмау;
  • бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмау;
  • жекелеген қызмет түрлерін (бензин, дизель отынын, басқа да мұнай өнімдерін өндіру және өткізу, ойын бизнесі және т. б.) жүзеге асырмау;
  • тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша салықтық тексерулер жоспарында немесе таңдамалы салықтық тексерулер тізімінде не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің жартыжылдық кестесінде болмағандардың болмауы;
  • тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша жоғары тәуекел деңгейіне ие болмау.

Сонымен қатар, қызметті тоқтатуға арналған өтінішті "Салық төлеушінің кабинеті" веб-сайтының көмегімен "Қызметті тоқтатуға арналған өтініш" бөлімінде, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, салық органдарының мемлекеттік қызмет көрсету орталықтары арқылы немесе пошта арқылы онлайн режимінде ұсынуға болады.

Астана қаласы бойынша МКД салық төлеушілерге салық міндеттемелерін уақтылы орындау туралы алдын ала қамқорлық жасауды ұсынады.