
Жеке кәсіпкердің (бұдан әрі-ЖК) қызметін камералдық бақылау мен салықтық тексерулер жүргізбей оңайлатылған тәртіппен тоқтату үшін келесі шарттарға сәйкес келу қажет:
• ҚҚС бойынша есепте тұрмау;
• бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмау;
• салықтар мен әлеуметтік бойынша берешек болмау;
• жекелеген қызмет түрлерінің тізіміндегі қызметпен айналыспау;
• таңдамалы салықтық тексерулер тізімінде болмау;
• тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне ие болмау.
Сонымен бірге келесі құжаттарды бір уақытта ұсыну қажет:
• қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш;
• тарату салық есептілігі;
• бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтініш (бар болса).
ЖК таратудан бас тарту себептері:
• ЖК оңайлатылған рәсім шарттарына сәйкес келмеген жағдайда;
• тарату туралы өтініш берілген күннен бастап 10 күн ішінде салықтар мен әлеуметтік төлемдер төленбегенде.
Бұдан басқа, ЖК мәртебесін салық төлеушінің жеке кабинетінде, ЖК иесінің ЖСН бойынша МКК сайтында немесе e-salyq Azamat қосымшасында тексеруге болады.