Жарияланған күні: 15.02.2018 15:24
Өзгертілген күні: 16.02.2018 16:24
2018 жылдың 14 ақпанында «Астана – адалдық – алаңы» жобасы шеңберінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшының орынбасары Ж.Ж.Жылқышеваның бастамасымен жұмыс тобы Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі –Департамент) ситуациалық орталықтарын және Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша жұмыс барысымен танысты.
«Мемлекеттік қызмет көрсетулер мониторингінің ситуациялық орталығы» ашылуы маңызды мәселе болып табылады, орталықтың негізгі мақсаты Департаменттің құрылымдық бөлімшілерінің нақты уақыт тәртібінде мемлекеттік қызметтердің сапалы және де өз уақытында көрсетілуін мониторингін бақылау жүргізуге бағытталған.
«Басты басымдылықтың бірі қызмет алушылар үшін жайлы жағдай жасау болып табылады. Бұл бағытта біз екі кезде жұмыс жасаймыз: бірінші – салық төлеушілермен электрондық қарым-қатынасты кеңінен дамыту,бұл кезде салық органдарына келмей, барлық процедураларды электрондық түрде орындау. Екінші – егер салық төлеуші бізге келсе, онда оған жайлы жағдай жасалу керек, тез және сапалы қызметтер көрсетілу қажет (декларацияларды ұсынудан, құжаттарды алудан бастап заң нормаларын түсіндіруге дейін)» - мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Ф.Омаров баса айтты.
Дистанциялық бақылаудың нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету аясындағы күрмеуі қиын мәселелерді анықтауға, сонымен қатар аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларында мемлекеттік қызмет көрсету қарқынын анықтауға мүмкіндік береді.
2017 жылы мемлекеттік кірістер органдары арқылы барлығы 1 977 099 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның ішінде 1 775 875 электрондық түрде, 201 224 қағаз түрінде атқарылды.
Астана қ. ауданық Мемлекеттік кірістер басқармалары
2017 жылдың электрондық жүйесіндегі кезектілікті басқару
Талон саны
күту орташа уақыты
қызмет көрсету орташа уақыты
Алматы ауданы бойынша МКБ
130 203
0:08:58
0:04:04
Сарыарқа ауданы бойынша МКБ
93 599
0:03:56
0:03:11
Есіл ауданы бойынша МКБ
56 796
0:03:02
0:04:59
"Әуежай- Астана"кеден бекеті
1 271
0:08:05
0:55:40
"Астана - ЦТО" кеден бекеті
16 949
0:10:34
0:32:35
барлық/ орташа
298 818
0:06:55
0:20:06
Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына келушілер саны көп екендігі бақылау жүйесінің көмегі арқылы автокөлік қою тұрағына байланысты мәселелер анықталды. Бұл жерде мемлекеттік қызмет беру процесін жақсарту ғана емес, қызмет сапасын жақсарту, сонымен қатар қолайлы автокөлік қою тұрағы мәселелері шешімін тапты.
Сарыарқа ауданы бойынша МКБ қонақтарға қызмет көрсетудің жаңа форматын көрсетті. Қызмет алушы терминал арқылы қызметті пайдалану үшін талон алып өз кезегін күтеді. Алынған талон нөмірі бойынша шақырылады, кезекте күту – жоғары деңгейдегі жайлылықты қамтыған. Балалардың да ойнауына жайлы жағдайлар жасалынған.
Салық төлеушіге бірінші көмекті модератор қажеттілігіне сай көрсетеді – тиісті маманға жібереді, салық төлеушілерге терминалдарда компьютерлық техникамен жұмыс істеуге көмектер көрсетіледі. Осындай көмектің арқасында қызмет көрсету сапасы арттырылып және ең бастысы халықтың уақыты үнемделеді.