
Экономикалық тергеу қызметінің басым бағыттарының бірі «көлеңкелі» экономикаға қарсы іс-қимыл, соның ішінде заңсыз кәсіпкерлік болып табылады.
Заңсыз кәсіпкерлік – бұл, ең алдымен, кәсіпкерлік және өзге де экономикалық қызметтерді белгіленген тәртібін жүзеге асырудың жалпы қағидаттарын бұзуға бағытталған.
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру кең тараған заңсыз кәсіпкерліктің түрі болып табылады.
Құқық бұзушылық осы саладағы өзінің табиғаты бойынша, ол латентті сипатқа ие және оларды ашу ізін суытпай өте қиын, ал кейде мүмкін емес.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілерін анықтау мен жолын кесу іс-шаралары тұрақты негізде өткізіледі.
Жүйелі жүргізілген іс-шаралардың осы саладағы қызметтің айқын мысалының бірі Лабунец А.А. және басқа да ұйымдасқан қылмыстық топтың (бұдан әрі – ҰҚТ) құқық бұзушылық әрекеттерін атауға болады.
Осылайша, 2015 жылы кешенді жедел іс-шараларын өткізу барысында қылмыстық топ құрықталды, оның мүшелері интернет жұмыстарын ұсыну қызметі түрін жамылып онлайн – казино ойындарын заңсыз ұйымдастырып келген, бұл ретте аталған адамдар астыртын әрекет етуде әр бір мүшелеріне атқаратын істің нақтылы рөлін кәсіби бөліп, қажетті элементтері сақталуына ұқыптылықпен қараған.
Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 10 заңсыз нүктелерін тінту барысында 148 процессорлар және моноблок, сондай-ақ ақша қаражаты жалпы сомасы 35 мың АҚШ доллары мен 500 мың теңге ойын мекемелерінен тәркіленді.
2015 жылы аталған қылмыстық іс белгілері бойынша құқық бұзушылықтар ҚР ҚК 262-бабы (қылмыстық ұйым және ұйымдасқан топ құру, сол сияқты оларға қатысу) және ҚР ҚК 307 бабына (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) сәйкес сотқа жолданды.
2016 жылдың ақпанында Астана қаласы №2 Сарыарқа аудандық соты үкімімен жаза тағайындалып, сотталушыға айыппұл түрінде заңсыз жолмен табылған 3000-нан 5000 АЕК-мүлкі тәркіленді.
Бірлескен іс-қимыл нәтижесінде аталған сот үкіміне Астана қаласының Прокуратурасы тарапынан наразылық келтіріліп, бірінші сатыдағы сот саралауындағы «ұйымдасқан қылмыстық топ» (ҰҚТ) белгісін алып тастады..
2017 жылдың қаңтарында Астана қалалық сотының Қылмыстық істер жөніндегі Сот алқасы наразылық үкімі бойынша іс нәтижелерін қарап, барлық қылмыстық топ бойынша 5 адам сотталды, барлық ұсынылған баптар негізінде айыптау 5-тен 7 жылға бас бостандығынан айыруға және мүлкі тәркіленіп, ҰҚТ ұйымдастыру және қатысу ұйымдасқан қылмыстық топтың ұйымдастырушы Лабунец А.А. түрмеге 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Кінәлі тұлғалар сот залында қамауға алынды.