Date of publication: 03.05.2022 15:17
Date of changing: 03.05.2022 15:22

Тауарлардың кедендік декларациялауын оңайлату, ҚР аумағына әкелінетін тауарларды декларациялаудың сапасын арттыру, сондай-ақ оларды ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы сәйкес дұрыс жіктеу мақсатында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында жіктеу шешімдерінің базасы орналастырылды. Барлығы 2863 шешім орналастырылған.

Шешімдер тауарларды шығарғанға дейін де, шығарғаннан кейін де кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін 2020-2021 жылдары  қабылданған.

Сілтеме: https://kgd.gov.kz/ru/content/resheniya-o-klassifikacii-tovarov-1

Пайдалануға ыңғайлы болу үшін тауарларды шығарғанға дейін де, шығарғаннан кейін де кедендік бақылауды жүзеге асыру шеңберінде қабылданған жіктеулік шешімдердің базасы «Excel» форматында орналастырылған.

Қабылданған жіктеу шешімдерінің базасы тоқсан сайын тоқсаннан кейінгі айдың 15-і күні жаңартылатын болады.