Date of publication: 14.10.2016 16:32
Date of changing: 14.10.2016 16:37

Астана қаласындағы «SINE TEMPORE» сауда үйінде 2016 жылдың 11-қазаны сағат 16:30-да, мүлік пен ақшалай қаражатты жария ету бойынша өтіп жатқан науқанды насихаттау мақсатында Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мен аудангдық мемлекеттік кірістер басқармаларымен ұйымдастырылған флешмоб өткізілді.

Сауда үйінің келушілері назарына Астана қалалық мемлекеттік кірістер органы қызметкерлері би көрінісін ұсынды. Сондай-ақ, жария ету туралы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, түрлі сұрақтарға жауап берілді.

Еске сала кетсек, өткізіліп жатқан мүлік пен ақша қаражатын жария ету науқаны заңсыз айналымда жүрген қаржыны тартуға бағытталған және Қазақстан Республикасы азаматтарының табысы мен мүлігін мағлұмдауға көшу үшін қолайлы жағдай жасайды.