Date of publication: 15.11.2022 17:34
Date of changing: 15.11.2022 17:38
1993 жылы 15 қарашада Елбасының «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығымен елімізде ұлттық валюта – теңге айналымға енгізілді. Дәл осы күні Қазақстанда Ұлттық валюта күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болды. Мемлекеттiктiң қалыптасуында мемлекеттiк валюта елiмiздiң Конституциясы сияқты үлкен рөл атқарады. Қазақстан тәуелсіз экономикалық, ақша-несие және эмиссиялық саясат жүргізуге мүмкіндік алды.
 
Құрметті әріптестер, Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қаржыгерлер күнімен құттықтаймыз! Сізге зор мүмкіндіктер, даму, білім және үлкен жетістіктер тілейміз! Әрбір іс жемісін берсін. Сіздердің еңбектеріңіз – ел болашағын құрудағы үлкен тізбектің бір бөлігі. Мемлекетіміздің экономикалық әл-ауқатын арттыруға бағытталған еңбектеріңізге табыс пен өркендеу тілейміз!