Date of publication: 23.05.2023 17:12
Date of changing: 23.05.2023 17:15

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі   № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.

  • «Жер қойнауын пайдаланушылардан түсетін өзге де түсімдер» 105330 БСК алып тасталды;
  • 106112 БСК мынадай редакцияда жазылды:

«Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (баламалы қолданысы бар өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) есепке жатқызу және бөлу тәртібін белгілеу және қолдану туралы келісім күшіне енгенге дейін төлеу жөніндегі міндеті туындаған әкелінетін тауарларға және (немесе) әкелінетін кедендік баждарға арналған кедендік баждар, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы келісімшарттар шеңберінде, оның ішінде Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 1 шілдеге дейін жасасқан, кедендік әкелу баждарын босату және (немесе) өтеу көзделген өнімді бөлу туралы келісімдер бойынша әкелінетін тауарларға кедендік баждар».