Date of publication: 29.07.2023 11:20
Date of changing: 29.07.2023 11:22

   Заңға сәйкес қарызы бар азаматтар банкроттыққа өтініш бере алады.

   Заңда жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің 3 түрі енгізіледі-соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

   Барлық үш процедураны тек борышкердің өзі бастайды, несие берушінің борышкерге қатысты аталған процедураларды қолдануға құқығы жоқ.

   Соттан тыс банкроттықты тек 1600 АЕК (5,5 млн теңге) аспайтын банктер, МҚҰ және коллекторлық агенттіктер алдындағы борыштар бойынша ғана қолдануға болады. 1600 АЕК-тен астам борыштар және қарыздың қалған түрлері бойынша азаматтар сот банкроттығын қолдана алады. Өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі.

   Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру сотта тұрақты табыс болған кезде қарыздарды төлеуге бөліп-бөліп төлеу мүмкіндігін (5 жылға дейін) көздейді. Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотта бекітіледі.