Date of publication: 15.01.2024 15:02
Date of changing: 15.01.2024 15:07

Комитетпен, бөгде бағдарламалық қамтылымды, (мысалы, Google Chrome немесе Mozilla Firefox браузерін және т. б.) пайдалануға байланысты "салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшасында тәуекел дәрежесін дұрыс көрсетпеу фактілері анықталды. Мысалы, тәуекел дәрежесі жолы «төмен», «орта» немесе «жоғары» деген сөздердің орнына "тексеру" деп қате шығуда. (1-сурет).

Осыған байланысты, мұндай фактілерді салық төлеушілердің өздері анықтаған жағдайда, пайдаланылатын браузерде аудармашыны ажырату қажет немесе аудармашы жоқ басқа браузерді пайдалану қажет.

Нәтижесінде, жоғарыда көрсетілген әрекеттерді орындағаннан кейін "салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшасына қайта кіру қажет және тәуекел дәрежесі туралы ақпарат дұрыс көрсетіледі.