Date of publication: 23.01.2024 09:18
Date of changing: 23.01.2024 09:20

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы №134 шешімімен ЕАЭО мүше мемлекеттерінің аумағына электромобильдерді бажсыз әкелу ұзартылды.



Электр қозғалтқышы бар көлік құралы Қазақстан Республикасының аумағына кедендік баждарын төлеуден босатыла отырып, жылына бір реттен жиі емес әкелуге тиіс.



Кедендік төлемдерден босату тек Қазақстан, Армения, Беларусь және Қырғызстанда тұрақты тұратын азаматтарға беріледі.