Date of publication: 31.01.2024 17:04
Date of changing: 31.01.2024 17:59
Акцизделетін тауарлар болып табылады: 1) спирттің барлық түрлері; 2) алкоголь өнімі; 3) темекі бұйымдары; 4) қыздырылатын темекісі бар өнімдер, электрондық сигареттерде пайдалануға арналған құрамында никотині бар сұйықтық; 5) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны, газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсутек қоспалары, экологиялық отын; 6) шағын автобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, 10 және одан да көп адам тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары; қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, адамдар тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектігі бар адамдарға арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа); қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүргiзушi кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиiндегi моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектігі бар адамдарға арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа); 7) шикі мұнай, газ конденсаты; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім.