Date of publication: 14.02.2024 18:21
Date of changing: 14.02.2024 18:26

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап кірістер мен мүлік туралы декларациясы (270.00-нысан)  оңайлатылып, көрсетілетін  ақпарат тізбесі қысқартылды.

Төлем көзінен салық салынатын кірістерді (жалақы, депозиттер бойынша сыйақылар, зейнетақы төлемдері және т.б.) және Қазақстан Республикасында тіркелген мүлікті сатып алу және (немесе) иеліктен шығару және (немесе) өтеусіз алу туралы ақпаратты көрсету қажеттілігі алынып тасталды.

Сонымен қатар, кірістер мен мүлік туралы декларациясында (270.00-нысан) мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсету жөніндегі міндет, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңында көрсетілген жеке тұлғаларға ғана жүктелген, атап айтқанда (жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар,мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары).

Қазіргі уақытта, кірістер мен мүлік туралы декларациясына (270.00-нысан) және оны жасау қағидаларына өзгерістер енгізілуде,  аталған 270-нысаны бекітілгеннен кейін, Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінде іске асырылатын болады.

Сонымен қатар, кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімінің басталуына байланысты, Сіз қолданыстағы 270.00 нысаны бойынша міндеттемені орындауға құқылысыз.

Егер, 2024 жылы кірістер мен мүлік туралы декларациясы қолданыстағы нысан (270.00 нысаны) бойынша ұсынылса және декларацияға "қабылданды" және "таратылды" мәртебесі берілсе, онда жаңа 270.00 нысаны бойынша декларацияны қайта тапсырудың қажеті жоқ екенін білу маңызды.  Биылғы  жылы кірістер мен мүлік туралы декларациясын (270.00-нысан) 2021-2023 жылдар аралығында активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00-нысан) табыстаған барлық жеке тұлғалар ұсынады.

Декларацияны табыстау  мерзімі - 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін.