Date of publication: 15.02.2024 16:15
Date of changing: 15.02.2024 16:17

"Кіріс" декларациясында (250.00-нысан) жеке тұлғаның барлық шетелдік активтері, жылжымалы/жылжымайтын мүлкі көрсетіледі. Кейінгі жылдары күнтізбелік жыл ішінде алынған кірістер, Қазақстанда да, шетелде де мүлікті сатып алу/иеліктен шығару туралы мәліметтер, сондай-ақ оларды сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері көрсетілетін кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан) жыл сайын ұсынылады.

Декларацияланған активтердің құны болашақта салық салынатын табысты айқындау кезінде ескерілетін болады.

Сондықтан декларацияны толтырмас бұрын тиісті растайтын құжаттарды алдын ала дайындауды ұсынамыз:

- тәуелсіз бағалаушыға 31.12.2023 жылғы жағдай бойынша құны 1000 АЕК-тен (3,5 млн.теңге) асатын мүлікті бағалау (қалауы бойынша). Бұл жағдайда бағалау декларация тапсырылғанға дейінге кез-келген күні (15 қыркүйекке дейін) және оны кез-келген бағалау компаниясында жасатуға болады;

- нотариустардан қарыз алу шарттарын куәландыру (СК 631-бабының 2-тармағы), (шарттарды куәландыру тәртібі "Нотариат туралы" ҚРЗ 8-тарауымен регламенттеледі, нотариаттық іс-әрекеттер жасау мерзімдері 40-бапта айқындалған).

Декларацияда банктік қарыз шарттары көрсетілуге жатпайды. 

Бастапқы декларацияны тапсырғанға дейін (2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін) нотариалды куәландыру қажет, өйткені қарыздар мен міндеттемелерді көрсету тек бастапқы декларацияда мүмкін және бұл жағдайда толықтырулар көзделмеген (СК 211 бабы 5 тармағы 7 тармақшасы).

          Қазақстанда активтер мен міндеттемелердің болуын келесі сайттар бойынша тексеруге болады:

1) Бағалы қағаздар бойынша https://portal.kacd.kz;

2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша https://homeportal.kz; https://www.gov.kz/services/3910?lang=ru;

3) зияткерлік меншік, Авторлық құқық объектілері бойынша https://gosreestr.kazpatent.kz;

4) сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu;

5) берешектің Дт/Кт болуы бойынша (қарыз шарты) Doculite жүйесі арқылы Республикалық нотариаттық палатаға сұрау салу жіберу қажет.