Date of publication: 15.02.2024 16:57
Date of changing: 15.02.2024 16:59

Жалпыға бірдей декларациялау туралы ақпаратты ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында "Жалпыға бірдей декларациялау" бөлімінен, оның ішінде декларацияны толтыру бойынша қадамдық нұсқаулықтан, ҚР-дағы өз активтерін тексеру бойынша бейне нұсқаулықтан білуге болады. Жалпыға бірдей декларациялау бойынша электрондық деректер базасы осы QR кодта орналастырылған.

Жалпыға бірдей декларациялауды түсіндіру бойынша 1414 Бірыңғай байланыс орталығының көп арналы жүйесі негізінде МКК байланыс орталығы жұмыс істейді.

МКБ-ның әр ауданында күн сайын консультациялық орталық (222 орталық) жұмыс істейді. Апта сайын сәрсенбі және бейсенбі күндері МКД Астана уақыты бойынша сағат 11-00-ден 11-30-ға дейін ZOOM арқылы жалпыға бірдей декларациялау бойынша тікелей эфирлер өткізеді.

Бұдан басқа, базарларда, сауда орталықтарында, кинотеатрларда радио хабарландыру, бейнероликтер, жеке кеңес беру, вебинарлар, семинарлар, БАҚ-қа арналған сұхбаттар, Мемлекеттік кірістер органдарының интернет-ресурстарында және әлеуметтік желісінде баспасөз релиздерін орналастыру арқылы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. 

Ресми және сенімді ақпарат көздеріне сенуіңізді сұраймыз.