Date of publication: 15.02.2024 17:26
Date of changing: 15.02.2024 17:28

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, Астана қаласының прокуратурасымен келісе отырып, Астана қаласының аумағында үлкен көлемдегі акцизделетін тауарларды, атап айтқанда электронды құрылғыларға арналған сұйықтықтарды (Вейп) өндірумен, сақтаумен және сатумен, өндіріспен айналысатын бір топ тұлғалардың заңсыз әрекеттерінің жолын кесті.

«К» азаматтың рұқсат құжаттары болмаған кезде химиялық құрамы глицерин, никотин және электронды буландырғыштарға арналған жасанды хош иістендіргіштер (Вейп) бар құрамында никотин бар сұйықтықты өндіру бойынша цех ұйымдастырып, кейін оны көтерме және бөлшек саудада Астанадағы Вейп дүкендеріне сатқаны анықталды.

Бұл құрамында никотин бар сұйықтық салық заңнамасына сәйкес акцизделетін өнім болып табылады.

Тергеу барысында жерасты цехы құрылып, одан 4 797 дана көлемінде электронды буландырғыштарға арналған сұйықтық бөтелкелері (Вейп), 28 бөтелке көлемінде тағамдық хош иістендіргіштер, көлемі 235 литр глицерин және пропиленгликоль химиялық заттары, сондай-ақ оларды өндіруге арналған машиналар алынды.

Осыған байланысты Астана қаласы бойынша ЭТД ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабының 1-бөлігі бойынша акцизделетін тауарларды өндіру, сақтау және өткізу бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сатылған құрамында никотин бар сұйықтықтың (Вейп) жалпы құны 18 миллион теңгеден асты.