Date of publication: 20.03.2024 09:21
Date of changing: 20.03.2024 09:26

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2023 жылға 240.00 нысанын (жеке табыс салығы бойынша Декларация) тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталатынын еске салады (Салық Кодексінің 364-бабы). 240.00 нысанындағы Декларация тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша салық органына ұсынылады. Осы декларацияны мүлікті сату кезінде құн өсімінен (мүліктік кіріс) табыс алған жеке тұлғалар тапсыруға міндетті. Бұл ретте Қазақстан Республикасында тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, тұрақ орындарын, жеке қосалқы шаруашылық объектілері мен машиналарды сату кезінде құнның өсуі, егер жеке тұлға меншік иесі 12 айдан аз болған жағдайда ғана мүліктік табыс болып табылатынын ескеру қажет (Салық кодексінің 331-бабы 1-тармағының 1) және 7) тармақшалары). Мүліктік табыстан алынатын жеке табыс салығы 10% ставка бойынша есептеледі (Салық кодексінің 320-бабы)