Date of publication: 01.04.2024 12:22
Date of changing: 01.04.2024 12:27
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті корпоративтік табыс салығы (КТС) 100.00 СЕН, жеке табыс салығы (ЖТС) 240.00 СЕН, көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы 700.00 СЕН бойынша декларацияны салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін еске салады. 2023 жылға арналған жылдық салық есептілігін тапсырудың соңғы мерзімі – ағымдағы жылдың 31 наурызы. 31 наурыз 2024 жылы демалыс күніне сәйкес келетіндіктен, салық есептілігін тапсыру мерзімі 2024 жылдың 1 сәуіріне ауыстырылды. Бұл ретте декларация (240.00 нысаны) тұрғылықты (тіркелген) мекен-жайы бойынша салық органына табысталады. Декларацияны мыналар ұсынуы керек: - өзге де кірістер алған жеке тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде; - Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктердегі банк шоттарында ақшасы бар жеке тұлғалар тапсыруға міндетті; - жеке нотариустар; - адвокаттар. Сонымен қатар, мүлікті сату кезінде құнның өсуінен табыс (мүліктік табыс) алған немесе пәтерді жалға беруден табыс алған жеке тұлғалар 240.00 нысаны бойынша декларация тапсыруға міндетті. Мүліктік табыс алынатын жеке табыс салығы 10% мөлшерлемесі бойынша есептеледі (Салық кодексінің 320-бабы). Төлем ағымдағы жылдың 10 сәуірінен дейін төленуі керек. 240.00 нысанды декларацияны жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде 270.00 нысанды кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар ұсынбайды. Себебі барлық кірістер (бұрын 240.00 нысанында көрсетілетін) 270.00 нысанды декларацияда көрсетілуі тиіс.