Date of publication: 21.04.2017 15:45
Date of changing: 21.04.2017 15:46

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағына сәйкес, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендiк декларациялау жөнiндегi маманының бiлiктiлiк аттестатын алу үшін біліктілік емтиханы 2017 жылғы 27 сәуірде өткізілетіні туралы хабарлайды.

Өткізу мекен-жайы: Астана қаласы, Республика даңғылы, 70, 306 кеңсе.

Біліктілік емтиханын тапсыру үшін оны жүргізгенге  дейін 3 күн бұрын еркін нысандағы өтінішті кеден органына ұсыну қажет.

Өтінішке:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) техникалық және кәсiптiк немесе жоғарғы бiлiмiн растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;

3) 3,5х4,5 сантиметр көлемiндегi екi түрлi-түстi фотосы қоса берiледi.

Барлық сұрақтар бойынша (7172)-77-32-53 нөміріне хабарласу қажет.