Date of publication: 06.09.2017 11:01
Date of changing: 08.09.2017 09:22

2017 жылдың 5 қыркүйегінде Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал» науқанының маусым айының кезекті жеңімпаздары анықталды. Электрондық сандардық айналымы негізінде үш жеңімпаз анықталды.

Науқанның жеңімпаздары:

1 орын- Махаббат ID 4697218 чекпен 21.08.2017жылғы;

2 орын- Муратбек ID 4706382 чекпен 22.08.2017 жылғы;

3 орын - Каусар ID 4808454 чекпен 30.08.2017 жылғы.

Жеңімпаздарды анықтауда науқанның ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласында бизнес-қоғамдастық өкілдері мен ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен комиссия құрылған.

Науқанның басты мақсаты тұтынушылардың құқығын қорғау, кәсіпкерлерді адал бәсекелестікке ынталандыру, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мен республикалық және жергілікті бюджет түсімдерін арттырып, көлеңкелі экономика көлемін азайту болып табылады.

Науқан электрондық форматта «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізіледі. Бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады.