Date of publication: 25.06.2015 19:00
Date of changing: 08.07.2015 15:11

 

Құрметті салық төлеушілер!

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті салық және кеден төлемдерді төлеуді, қайтаруды және есепке алуды жеңілдету мақсатында 208 бюджеттік сыныптау кодтары (бұдан әрі – БСК) 89 БСК-ға дейін қысқартылғанын, 2015 жылдың 7-ші шілдесінен күшіне енетіні жайлы мәлімдейді.

Бюджетке төленетін төлемдерді төлеу кезінде 2014 жылдың 30 қазанында ҚР Әділет министрлігімен тіркелген, 2014 жылдың 30 қыркүйекте № 420 «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы бұйрықты қолдануыңызды сұраймыз.

Нәтижесінде 2015 жылдың 7-ші шілдесінен салық және кеден төлемдері бойынша 215 БСК-дан 119-БСК-ға дейін қысқарып, 96 БСК сақталды.Дұрыс БСК-ны анықтау үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналастырылған «2014 жылғы БСК кестесімен қатысты  2015жылы қайта енгізілген кестені» қолдануыңызға болады: kgd.gov.kz  бөлімінде: Басты бет –Ақпараттық ресурстар –Анықтама – «2014 жылғы БСК кестесімен  қатысты 2015 жылы қайта енгізілген кесте».