Date of publication: 08.12.2017 08:55
Date of changing: 08.12.2017 11:42

2017 жылдың 7 желтоқсанында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал» науқанының қараша айының кезекті жеңімпаздары анықталды. Электрондық сандардың айналымы негізінде үш жеңімпаз анықталды.

Науқанның жеңімпаздары:

1 орын- Нурлыхан ID 5607863 чекпен 11.11.2017 жылғы;

2 орын- Дина ID 5866020 чекпен 28.11.2017 жылғы;

3 орын - Аяужан ID 5543058 чекпен 06.11.2017 жылғы.

Жеңімпаздарды анықтауда науқанның ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласында бизнес-қоғамдастық өкілдері мен ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен комиссия құрылған.

Науқанның басты мақсаты тұтынушылардың құқығын қорғау, кәсіпкерлерді адал бәсекелестікке ынталандыру, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мен республикалық және жергілікті бюджет түсімдерін арттырып, көлеңкелі экономика көлемін азайту болып табылады.

Науқан электрондық форматта «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізіледі. Бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады.