Date of publication: 11.12.2017 16:57
Date of changing: 11.12.2017 17:00

ЕАЭО мүше мемлекеттер аралығындағы 2015-2016 жылдардағы тауарлар таңбалауды енгiзу бойынша пилоттық жобаны iске асыру туралы Келісімнің нормаларына сәйкес, СЭҚ ТН тобындағы келесі тері бұйымдарында бақылау идентификациялық белгiлері (бұдан әрі БиБ) міндетті түрде болу бойынша талап 2016 жылдың 12 тамызынан бастап күшіне енді:

1. Қаракүзеннен (норки) жасалған киiм заттары – СЭҚ ТН коды 430309010;

2. Су тышқаннан жасалған киiм заттары – СЭҚ ТН коды 4303109020;

3. Ақ түлкі және түлкіден жасалған киім заттары – СЭҚ ТН коды 4303109030;

4. Үй қояны н/е қояннан жасалған киім заттары – СЭҚ ТН коды 4303109040;

5. Еноттан жасалған киім заттары – СЭҚ ТН коды 4303109050;

6. Қой терісінен жасалған киім заттары – СЭҚ ТН коды 4303109060;

7. Табиғи теріден жасалған басқа киім заттары – СЭҚ ТН коды 4303109070;

Бұл тізбеге қолғап, бас киім және оның бөліктері кірмейді.

Бекiтiлген талаптардағы нормаға сәйкес өндiрушiлер мен импортерларға Тері бұйымдарды таңбалау бойынша ақпараттық жүйеге ақпарат беруді жүзеге асыру келесі жағдайларда қажет етіледі:

▪ Үшiншi елдерден тауар әкелгенде;

▪ Тері бұйымдарды (тiгу) өндiру кезінде;

▪ Шекара аралық сауда кезінде;

▪ Комиссиялық сауда кезінде;

▪ Тауарлардың қалдықтарын таңбалау кезінде;

▪ БиБ туралы ақпарат шеңберінде бөлшек саудада жүзеге асырылған  немесе жойылып кеткен тауарға;

▪ Сатып алушы қайтарылған тауарлары үшiн БиБ қолданған кезде.

Тері бұйымдарды таңбалау бойынша талап тек  кәсiпкерлiк қызметке арналады.

Тері бұйымдарды таңбалау дегеніміз - пилоттық жобаны iске асыру туралы Келiсiмге сәйкес «идентификациалық бақылау белгiлермен» бекiтiлген үлгiнi (БиБ) тауарларға түсiру болып табылады. Тауарларды бақылау идентификациялық белгімен таңбалаудың үш тәсiлi пайдаланылады: тiгiледі, желiмденеді, тағылады.

Тауарларды таңбалау жүйесі дегеніміз - электронды түрде таңбалауға жататын тауарлардың есебін алып, бақылау функцияларын атқаратын ақпараттық жүйе. Ақпараттық жүйе кәсіпкердің дербес кабинеті арқылы толтырылып жіберуге тиісті мәліметтер негізінде қалыптастырылады. Кәсіпкерлерге «Таңбалау» ақпарат жүйесіне Рұқсат ЭЦП (электронды қол қою цифры) арқылы қамтамасызданады

Кәсiпкерлер әкелген/өндірген тері бұйымдарына БиБ алу үшін ақпараттық жүйеге келесі ақпараттар берілу қажет: әкелген тауар декларациясының тіркеу нөмірі, БиБ нөмірі, жаханды сауда бірлігінің идентификациялық нөмірі, бақылау таңбасы белгісінің радиожелісіндегі нөмірі, жаханды сауда бірлігінің сериялық нөмірі, тауардың атауы, нормативтiк құжаттарға жөн-жобаны көрсету, тауар өндірушінің аты-жөні, тауардың түрлері, тауардың шыққан елінің атауы.

БиБ алу үшiн «GLOBGAL Trade Item Number)» (GTIN) сауда бiрлiгінің жаханды идентификациялық нөмірі ақпараттық жүйеге тапсырылу керек. GTIN алу үшін GS1 Kazakhstan автоматты теңестіру бойынша аумақтық қауымдастыққа кіру қажет.

Қауымдастыққа мүше болу - ақылы болып табылады. ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен GS1 Kazakhstan қауымдастығының өз-ара келіссөздер қортындысына сәйкес тері бұйымдарын әкелуді, өндіруді және сатуды жүзеге асыратын отандық кәсіпкерлер үшін кiру жарнасы алынып тасталды.