Date of publication: 18.01.2018 17:57
Date of changing: 01.02.2018 15:25

2018 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап күшіне енген Жаңа «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Салық кодексі» (бұдан әрі - Салық кодексі) белгіленген салықты төлеуші уәкілетті ұйым деп - екінші деңгейлі банк болып табылмайтын, айырбастау операцияларын ұйымдастыруды жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлға, (олардың) айырбастау пункті (пункттері) арқылы көрсетілетін қолма-қол шетел валютасымен және қосымша (қосымшалар) бойынша қызметті ұйымдастыратын уәкілетті ұйым, болып табылады.

Салық салудың объектісі айырбастау пункті ретінде белгіленген салықтар бойынша уәкілетті ұйым болып табылады.

Салық кодексінде көрсетілгендей белгіленген салықтың ай сайынғы салық салу объектісінің мөлшері ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының бірлігіне сәйкес болады.

Бұл ретте, белгіленген салық үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.

Тиісті салық ставкасын қолдану арқылы әрбір салық салу объектісіне белгіленген салықты есептеу жүргізіледі.

Белгіленген салық есептеуде объектілердің тіркелген жері бойынша бюджетке төленуге жатады, салықты өтеу есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей есептеледі.

Салық төлеуші ретінде салық органына тіркелген жері бойынша есебін жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын белгіленген салықтарға сәйкес есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей, салық декларациясын ұсынады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қолма-қол шетел валютасымен қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер тіркеу есебіне жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қою уәкілетті ұйымдар қатарына жатады. Жекелеген қызмет түрлері бойынша салық органдарында тіркеу есебіне қою кезінде салық салу объектілерінің орналасқан жері және (немесе) салық салумен байланысты объектілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Салық төлеуші ретінде жекелеген қызмет түрлері бойынша салық төлеушілердің қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жүзеге асырырылады, жоғарыда аталғандардың негізінде жеке қызмет түрі бойынша жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей салық органына жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыруын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою жүргізіледі.

Осыған байланысты шетел валютасымен және оған қосымша (қосымшалар) қолма-қол айырбастау операцияларын жүзеге асыруды ұйымдастыруда лицензиясы бар уәкілетті ұйымдар мемлекеттік кірістер басқармасындағы ақпараттық жүйесінде өзгерістер енгізу үшін жоғарыда көрсетілген хабарламаны қағаз тасымалдағыш пен белгіленген нысан бойынша ұсынуға болатынын хабарлайды.