Date of publication: 14.02.2018 17:53
Date of changing: 14.02.2018 17:54

Құрметті салық төлеушілер!

Корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі - КТС) бойынша декларация тапсырылғаннан кейінгі аванстық төлемдер Салық кодексінің 305-бабына 2-тармағына сәйкес салықтық міндеттемелерді:

1) егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, түзетулер ескеріле отырып, алдыңғы салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезең үшін жылдық жиынтық кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алдыңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 325 000 еселенген мөлшеріне тең сомадан аспайтын салық төлеушілер;

2) егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, жаңадан құрылған (пайда болған) салық төлеушілер – әділет органында мемлекеттік (есептік) тіркеу жүзеге асырылған салықтық кезең ішінде, сондай-ақ кейінгі салықтық кезең ішінде;

3) салық төлеушілер ретінде салық органдарында жаңадан тіркелген, Қазақстан Республикасында қызметін заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар – салық органдарында тіркеу жүзеге асырылған салықтық кезең ішінде, сондай-ақ кейінгі салықтық кезең ішінде;

4) Салық кодексінің 289-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетін салық төлеушiлер;

5) Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетiн салық төлеушiлер;

6) Салық кодексінің 290-бабы 2 және 3-тармақтарының шарттарына сәйкес келетін салық төлеушілер;

7) Салық кодексінің 708-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетін салық төлеушілер орындамайды.

Салық кодексінің 305 бабының 2 тармағына жатпайтын салық төлеушілер аванстық төлемдер есебін КТС тапсырғанға дейін және кейін ұсынуға міндетті.

КТС бойынша АТ сомасы есебін ұсыну мерзімі жақындағанын ескертеміз. Есеп ағымдағы жылдың 20 сәуірінен кешіктірілмей 2018 жылдың 2,3,4 тоқсандарына салық төлеушінің орналасқан жері бойынша ұсынылады.

Сонымен қатар, аванстық төлемдер сомасы декларациядан кейін, осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 302-бабының 1-тармағына және 652-бабына сәйкес алдыңғы салықтық кезең үшін есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының төрттен үш бөлігі мөлшерінде есептеледі (АТ 2018 ж. = (3/4 × КТС 2017 ж).

Салық төлеушілер есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанынан кешіктірмей декларациядан кейінгі аванстық төлемдердің қосымша есеп-қисабын 101.02 нысан бойынша ұсынуға құқылы.

ҚР ӘҚБ туралы Кодексінің 278-бап 3-тармағына сәйкес салық кезені үшін іс жүзінде есептелген корпорациялық табыс салығы сомасының салық кезені ішінде төленген аванстық төлемдер сомасынын жиырма процент мөлшерде асып түсуі, егер осы іс-әрекетте қылмыстық жазаланатың әрекет белгілері болмаса - іс-жүзіндегі салықтың асып түскен сомасының 20 проценті мөлшерінде айыппұл салынады.