Date of publication: 18.04.2018 16:44
Date of changing: 18.04.2018 16:45
Елорданың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің оң динамикасы және салықтық әкімшілендірудің  жаңа тәсілдері мемлекеттік бюджеттің өсу қарқынын қамтамасыз етуде астананың үздіктер қатарынан көрінуіне алып келеді.
2018 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша болжам 7,4 млрд.теңгеден (103,4%) аса орындалды немесе 227,2 млрд.теңге түсті, оның ішінде республикалық бюджетке 175,6 млрд.теңге түсті (100,7%), жергілікті бюджетке 51,6 млрд.теңге түсімі қамтамасыз етілді немесе болжам 6,2 млрд.теңгеден (113,8%) аса орындалды.
Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер астанамыздың экономикалық өсуі үшін мемлекеттік кірістердің түсімін арттыруға және Астана қаласының көлеңкелі экономикаға қарсы тұруға тиімді, әрі кешенді жасалынған шаралардың нәтижесі болып табылады.