Date of publication: 19.04.2018 14:34
Date of changing: 19.04.2018 14:35

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, 2018 жылдың 27 наурызынан бастап «Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына 2018 жылға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» 2018 жылдың 14 наурыздағы № 122 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қолданысқа енгізілгенін хабарлайды. (2018 жылдың 16 наурыздағы № 52 (29283) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).

Сондай-ақ арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ өнімдеріне 2018 жылға арналған ең төмен бөлшек сауда бағалары литріне 1 900 теңге мөлшерінде белгіленді.