Date of publication: 26.04.2018 17:47
Date of changing: 27.04.2018 14:35

 

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 543-бабына сәйкес уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын, қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру қызметін жүзеге асыруға  лицензиясы және оған уәкілетті ұйымның айырбастау пункті (айырбастау пункттері) көрсетілген қосымшасы (қосымшалары) бар заңды тұлға.

Осылайша, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап айырбастау пункттері тіркелген салықты төлеушілер болып табылады.

Салық кодексінің 546-бабына сәйкес, Астана қаласы үшін салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің ең төменгі мөлшері 30 АЕК және ең жоғарғы мөлшері 100 АЕК көлемінде анықталған және жергілікті өкілеттік орган осы аралықта Астана қаласындағы тіркелген салықты төлеушілер үшін біртұтас мөлшерлеме белгілейді.

Қазіргі таңда, жергілікті өкілеттік органмен біртұтас тіркелген салық мөлшерлемесі белгіленбегендіктен салықты есептеу кезінде тіркелген салықтың базалық мөлшерлемесінің ең төменгі көлемі қолданылады, яғни 30 АЕК немесе 72 150 теңге (30 * 2 405).

Сондай-ақ, тіркелген салық бойынша Декларация тапсыру үшін салықтық кезең күнтізбелік тоқсан болып табылады, яғни Декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей тапсырылуы тиіс. Салық төлеу мерзімі есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-күніне дейін белгіленген.

Салық кодексінің 88-бабы 9-тармағына сәйкес айырбастау операцияларын ұйымдастыруды жүзеге асыратын салық төлеушілер жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қойылуы тиіс.