Date of publication: 13.07.2018 15:19
Date of changing: 13.07.2018 15:20
Баршаңызға белгілі, салықтық әкімшілендірудің негізгі нысаны салық есептілігінің нысандарын камералдық бақылау болып табылады.
Камералдық бақылау - салық төлеушi табыс еткен салық есептiлiгiн, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу мен талдау негiзiнде салық қызметі органдары жүзеге асыратын бақылау болып табылады.
«Астана-Жаңа қала» мемлекеттік кірістер басқармасында берілген салықтық есептілік нысандарына камералдық бақылау әдістерін қолдану негізгі назарда ұсталуда. 
Салықтық есептілікті ұсыну және (немесе) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу арқылы салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды салық төлеушіге дербес жою құқығын беру камералдық бақылаудың мақсаты болып табылады.
2018 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстардың қортындысы бойынша салық төлушілердің қосылған құн салығының, салық салынатын айналымы мөлшерін декларацияда толық көрсетпеуі анықталды.
Атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша салықтық жеңілдіктері бола тұрып, мерзімінде камералдық бақылаудың нәтижесінде мемлекеттік бюджетке қосымша 257,0 млн. теңге салық өндіріліп алынды. Сонымен қатар, «Астана-Жаңа қала» арнайы экономикалық аймақтын қатысушылары мемлекеттік кірістер басқармасында салық заңнамасымен салық төлеуден босатылғанын атап өту қажет.
Мемлекеттік бюджетке қосымша кірістер тарту жұмыстары жалғасуда.