Date of publication: 13.09.2018 12:08
Date of changing: 13.09.2018 12:11
Бүгін 2018 жылғы 12 қыркүйекте Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында "Бухгалтерлер клубы" отырысына қатысты.
Тауарларды импорттау және экспорттау кезінде ҚҚС төлеу, аяқталмаған құрылыстағы ҚҚС мәселелері талқыланды.
Департамент қызметкерлері салық салу бөлігінде бухгалтерлердің көптеген сұрақтарына жауап берді , "Астана кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекетінің басшысы М. Т. Шетенова тауарларды кедендік тазартуды жасау ережелері туралы,  ҚҚС есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесі туралы айтты.