Date of publication: 27.09.2018 17:47
Date of changing: 01.10.2018 10:29

Белгілі болғандай, 2019 жылдың 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің 412-бабының әкелінетін тауарларды сату кезінде салық төлеушілердің шот-фактураларын беру міндеттемесі туралы нормалары күшіне енеді.

2018 жылдың 20 қыркүйегінде Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті «Астана - кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінде кедендік делдалдармен семинар өткізді. Семинарға Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импорты кезінде импорттаушыларға құжаттарды ресімдеу бойынша қызметтер көрсететін 25-тен астам кеден брокері қатысты.

Семинар барысында кеден өкілдеріне электронды шот-фактураларды қабылдау және өңдеу үшін ақпараттық жүйені импорттаушылар тіркеу және пайдалану туралы заңнаманың нормаларын түсіндірді. Сондай-ақ, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркеу, алу және жұмыс істеу тәртібі туралы сұрақтарға толық жауаптар берілді.