Date of publication: 12.11.2018 11:37
Date of changing: 12.11.2018 12:02
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы ұйымдастырған өз бетінше жұмыспен қамтылған азаматтарды заңдастыру шеңберінде бірыңғай төлемдер туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыс берушілермен семинарға қатысты.
Бірыңғай жиынтық төлемді  2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін енгізу жоспарлануда.
Бірыңғай жиынтық төлем бейресми жұмыспен қамтылғандарды тіркеуді және олардың қызметін заңдастыруды оңайлату үшін енгізіледі және төрт төлемді бір төлемге біріктіреді.