Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесі 17 қызмет түрлері бойынша онлайн-БКМ міндетті түрде тіркеу қажеттілігін қайтадан назарларыңызға салады. Осыған байланысты, 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін онлайн-БКМ мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу қажет. Сонымен қатар, Мемлекеттік кірстер органдары заңдық міндеттемелерді орындамағаны үшін әкімішілік (ӘҚК 284 бабына сәйкес) шара қолдануы қарастырылған.
№
|
Қызмет түрлері
|
1
|
Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату
|
2
|
Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу
|
3
|
Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды көтерме саудада сату
|
4
|
Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды бөлшек саудада сату
|
5
|
Сусындарды көтерме саудада сату
|
6
|
Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату
|
7
|
Тоқыма бұйымдарын сату
|
8
|
Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату
|
9
|
Киімдерді сату
|
10
|
Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату
|
11
|
Сағат және зергерлік әшекейлерді сату
|
12
|
Ломбард қызметі
|
13
|
Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі
|
14
|
Сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару
|
15
|
Жарнама агенттіктерінің қызметі
|
16
|
Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі
|
17
|
Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметі
|