Date of publication: 25.12.2018 12:15
Date of changing: 25.12.2018 12:16
«Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»  Қазақстан Республикасы Кодексінің 88-бабының 1 тармақтың 9) тармақшасы бойынша (Салық кодексі) Салық кодексінің 543-бабының 5) тармақшасында аталған уәкілетті ұйымдар жүзеге асыратын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруды жүзеге асыратын салық төлеушілер жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға жататындығын назарларыңызға жеткіземіз. Осыған орай, мемлекеттік кірістер органдарына жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы Хабарламаны тапсыру қажет. Осы Хабарламаны салық органына жекелеген қызмет түрін жүзеге асырудан үш жұмыс күннен кешіктірілмей ұсынылуы қажет.