Date of publication: 28.12.2018 12:58
Date of changing: 28.12.2018 13:01
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап біздің елімізде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі күшіне енді.
Кедендік бақылау кеден органдарына берілген тауарлар мен көлік құралдарына, кедендік және өзге де құжаттарға қатысты жүзеге асырылады.
Сонымен қоса, кедендік бақылау Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасынан өтетін жеке тұлғаларға қатысты жүзеге асырылуы мүмкін.
Импорт кезінде: тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасынан өткен сәттен бастап кедендік бақылауда болады.
Экспорттау кезінде: кедендік декларацияны тіркеген сәттен бастап немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарларды экспорттағаннан кейін.
Кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде кеден органдары кедендік бақылау объектілері, нысандары мен  кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ету шараларының таңдамалы қағидатынан бастайды.