Date of publication: 15.04.2019 10:52
Date of changing: 15.04.2019 10:54
2019 жылы 14 наурызда «Есіл» ауданының әкімшілігінің ғимаратында салық заңдылықтарын орындамайтын және салық төлемдерін төлемейтін жеке тұлғаларды әкімшілендіру сұрақтары бойынша жиналыс өткізілді. Жиналысқа «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары А.Т.Кайржанов, «Есіл» ауданы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің өкілдері,  Астана қаласы бойынша МКД-нің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, «Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ, қызмет көрсету мекемелерінің басшылары және «Есіл» ауданының басқару органдарының ассоциациялары, «Астана-теплотранзит»АҚ,  «Астана су арнасы»МКК, «Астана-РЭК»АҚ қатысты.
Осы сұрақ бойынша Астана қаласының МКД-нің Есіл ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысының орынбасары Рамиля Рафаиловна Чукалова 2019 жылдың 1-ші тоқсанында жергілікті бюджетке түскен түсімдер туралы сөз сөйледі. Бюджетке түскен түсімдерді жинақтау төмен болғандықтан,Есіл ауданының тұрғын үй кешендерінің тұрғындарына мүлік және жер салықтары бойынша салық берешектері туралы ақпаратты Есіл ауданының ПИК-мен бірге пәтер иелерінің пошта жәшіктеріне хабарламалар салынуда.
Сонымен қатар,  «Есіл» ауданының полиция басқармасының жергілікті полиция қызметкерлерімен заңсыз жалға беретін пәтер иелері бойынша жұмыстар жүргізілуде.