Date of publication: 11.07.2016 11:00
Date of changing: 02.08.2016 10:26

Кеден өкілдерінің, кедендік декларациялау жөніндегі мамандардың және мүдделі тұлғалардың назарына!

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағына сәйкес, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендiк декларациялау жөнiндегi маманының бiлiктiлiк аттестатын алу үшін біліктілік емтиханы 2016 жылғы 21 ШІЛДЕДЕ өткізілетінін хабарлайды.

Өткізу мекен-жайы: Астана қаласы, Республика даңғылы, 70, 304 кеңсе.

Біліктілік емтиханынын тапсыру үшін оны жүргізгенге  дейін, 3 күн бұрын еркін нысандағы өтінішті кеден органына табыс ету қажет.

Өтінішке:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) техникалық және кәсiптiк немесе жоғарғы бiлiмiн растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;

3) 3,5х4,5 сантиметр көлемiндегi екi түрлi-түстi фотосы қоса берiледi.

Барлық сұрақтар бойынша (7172)–77–32–53 нөміріне хабарласу қажет.