Date of publication: 30.11.2016 18:19
Date of changing: 02.12.2016 09:14

2016 жылдың 29 қарашасында Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде біздің еліміз – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңындағы салтанатты күнге және Қазақстан Республикасының салық және кеден органдарының құрылуының 25 жылдығына орай 2015 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік салық төлеушісі» және «Үздік сыртқы экономикалық қызмет қатысушысы» конкурсының жеңімпаздарын жыл сайынғы марапаттау рәсімі өтті.

Осындай жыл сайынғы сыйақы жоғары деңгейлі қаржылық тәртіпті, Қазақстан экономикасын өсуіне тікелей әсер ететін бизнесті ашық жүргізуімен ерекшеленетін табысты кәсіпорындар мен кәсіпкерлерді айқындау мақсатында, сондай-ақ олардың мемлекет пен қоғам алдында сіңірген еңбектері туралы мәліметтерді біздің еліміздің қалың елдің алдында жеткізу үшін тағайындалды.

«Үздік салық төлеушісі» және «Үздік сыртқы экономикалық қызмет қатысушысы» атауына үміткерлерді таңдау салық, кедендік төлемдер және бюджетке төленетін басқа да төлемдер түсімі, салықтық жүктеме коэффициенті, жұмыскерлердің саны, еңбекақы төлеу қоры, салық салу бөлігінде құқық бұзушылық әкімшілік жауапкершілік, берешектің болмауы және т.б. сияқты әртүрлі көрсеткіштердің негізінде іріктелді.

Марапаттау рәсімін Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының орынбасары Иманғожин Алмат Отжанұлы ашты.

Ол салық төлеушілер салықтарды дұрыс және уақтылы төлеу арқылы қоғамдық қаржы ресурстарын қалыптастыратындығын, мемлекет органдарымен басқаруға сенім берген қоғамдық байлықты құратындығын атап өтті. Жылдың үздік салық төлеушісін мадақтау Департаменттің жыл сайынғы дәстүріне айналды. Бұдан соң «Үздік салық төлеушісі» және «Үздік сыртқы экономикалық қызмет қатысушысы» конкурсының жеңімпаздары жарияланды.

Бұдан басқа, өзге де номинациялар бойынша жеңімпаздар жарияланды.

«Мониторингте тұрған ірі салық төлеушісі» номинациясы бойынша жеңімпаз «КМГ Карачаганак» ЖШС.

«Жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимі- көлік және байланыс» номинациясы бойынша ҚТЖ-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы.

«Жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимі- қызмет көрсету» номинациясы бойынша «Kazintersoft» ЖШС.

«Жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимі- өндіріс» номинациясы бойынша  «Астана-Энергия» акционерлік қоғамы.

«Әлеуметтік салада қызмет атқарушы мекеме» номинациясы бойынша «Балет және ұлттық би өнерін дамыту және қолдау қоры» жеке қоры.

«Шетелдік компания» номинациясы бойынша «Аджип Қарашығанақ Б.В.» ЖШС

«Тіркелген салық» номинациясы бойынша «Baby Park» ЖШС.

«Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі- қызмет көрсету»  номинациясы бойынша  «Жандильдин Айдархан Адильжанович» ЖК.

«Жер қойнауын пайдаланушы» номинациясы бойынша  «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы.

«Акциздер» номинациясы бойынша «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС.

2015 жылдың «Үздік салық төлеушісі» атағына «Каз Транс Ойл» АҚ және 2015 жылдың «Үздік сыртқы экономикалық қызмет қатысушысы» атағына «Мечта Маркет» ЖШС ие болды.

А.Иманғожин салтанатты түрде жүлдегерлерге ескерткіш дипломдарын табыстады.

2015 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік салық төлеушісі» және «Үздік сыртқы экономикалық қызмет қатысушысы» республикалық деңгейдегі конкурсқа қатысушылар ретінде ұсынылады.

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті барлық жеңімпаздарды лайықты марапаттарымен құттықтай отырып, сәттіліктер мен өркендей беруді тілейді!