Date of publication: 26.04.2024 17:01
Date of changing: 26.04.2024 17:04

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2023 жылдың екінші жартыжылдығы кезең мен 2024 жылдың өткен кезеңіне қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерінің қорытыңдысына жария талқылауды жүргізеді.

          Жария талқылау  өткізу мерзімі 2024 жылы 26 сәуірден  бастап 2024 жылғы 03  мамырға дейін.

         Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұсыныстар және толықтырулар болған жағдайда түсініктемелерге жазуды сұраймыз.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері

 

Талдаумен қамтылған қызмет бағыты

1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын басқа да мәселелер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар жұмыс процесінің атауы

Кедендік тексеру аймағында "жасыл дәліз" арқылы өту.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы

Қызметкер мен жолаушының өзара әрекеттесуі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелін қамтитын жұмыс процесінің толық сипаттамасы

Жолаушы жасыл дәлізде тұрған қызметкермен жасыл дәліз арқылы еркін өту туралы, оның жанында бар зергерлік бұйымдармен (және тауарлармен) және тасымалдау нормасынан асатын валютамен алдын ала келісу.

Тәуекелге ұшыраған лауазымның атауы

"Жасыл дәліз" режимін жүзеге асыратын қызметкер

Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар

"Жасыл дәліз" режимін жүзеге асыратын қызметкерлерді тұрақты түрде ауыстыру.

Күтілетін нәтиже

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою

Тәуекелді жоюдың болжамды мерзімі

2024-2025ж.ж.

 

2. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар жұмыс процесінің атауы

Кедендік декларация ретінде көлік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды пайдалана отырып, кедендік декларациялау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы

Көлік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды кедендік декларация ретінде пайдалана отырып, жазбаша нысанда декларациялау Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының тікелей қатысуы кезінде техникалық реттеу шараларын сақтаудан жалтаруға мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелін қамтитын жұмыс процесінің толық сипаттамасы

"ҚР-дағы кедендік реттеу туралы" ҚР 26.12.2017 ж.№123-VI ҚРЗ Кодексінің 175-бабының 4-тармағына сәйкес кедендік декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды пайдалана отырып, кедендік декларациялауға жазбаша нысанда жол беріледі. Тауарларға арналған декларация ретінде пайдалана отырып, тауарларды декларациялау мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешімді мемлекеттік кірістер органдарының уәкілетті лауазымды тұлға қабылдайды.

Тәуекелге ұшыраған лауазымның атауы

Кеден бекетінің қызметкерлері

Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар

Кедендік декларация ретінде көлік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды пайдалана отырып, тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) міндетті түрде пайдаланып, Астана-1 АЖ-не тауарларды электрондық кедендік декларациялау мүмкіндігін енгізу және форматтық-логикалық бақылау (ФЛК).

Күтілетін нәтиже

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы мен Мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды тұлғасының арасындағы сөз байласу мүмкіндігін болдырмау.

Тәуекелді жоюдың болжамды мерзімі

2024-2025ж.ж.

 

3. Мемлекеттік кірістер органдарының қызметін реттейтін құқықтық актілер және ішкі құжаттар

1) Сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар жұмыс процесінің атауы

Тауарлар шығарылғаннан кейін тексеру жүргізу үшін тексерілетін тұлғаларды іріктеу және бақылау нысанын (тексеру түрін) таңдау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы

Бақылау объектісі мен формасын таңдаудағы субъективтілік.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелін қамтитын жұмыс процесінің толық сипаттамасы

Тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік тексерулер жүргізу кедендік ресімдеу процесінде де, тауарлар шығарылғаннан кейін де жол берілетін заңсыз әрекеттерге байланысты мемлекетке келтірілген залалды өтеуге бағытталған. Бақылау объектілерін таңдау кезінде лауазымды тұлғалар жеке тәжірибесіне, аралас бөлімшелердің, өзге де органдар мен БАҚ ақпаратына негізделген өз талдауларын басшылыққа алады. Лауазымды тұлға жалған аналитиканы жүзеге асыратын және дұрыс емес талдау жіберетін жағдайлар болуы мүмкін. Сондай-ақ, тексерілетін адамдар бақылауға кедергі жасау үшін барлық ресурстарды пайдалана алады (құжаттарды ұсынбау, соттарда шағымдану, прокуратураға және басқа органдарға шағым беру арқылы лауазымды адамдарға әсер ету). Кедендік бақылаудан кейінгі қолда бар модуль толық пысықталмаған, анықталған бұзушылықтар туралы ақпарат басқа өңірлер үшін қолжетімді емес, тәжірибе алмасу жоқ.

Тәуекелге ұшыраған лауазымның атауы

Тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау басқармасының мамандары

Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар

Тексерілетін кедендік тексеру объектілерін іріктеуді тәуелсіз бөлімше немесе автоматтандырылған технологиялар негізінде жүргізу тиіс, талдау жүргізу үшін кедендік бақылау модулі пысықталуға тиіс.

Күтілетін нәтиже

Тексеруден жалтару, шара қолданбау мүмкіндігін жояды.

Тәуекелді жоюдың болжамды мерзімі

2024-2025ж.ж.

 

2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар жұмыс процесінің атауы

Аудит қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің фактілерін азайту

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы

Салықтық тексерулер жүргізу бөлігінде салықтық әкімшілендіру бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыру.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелін қамтитын жұмыс процесінің толық сипаттамасы

Салық төлеуші (салық агенті) шағымды қарауға салықтық тексеру барысында өзі ұсынбаған құжаттарды ұсынған жағдайда, уәкілетті орган осы Кодекстің 186-бабында айқындалған тәртіппен тағайындалатын тақырыптық және (немесе) қайта тақырыптық тексерулер барысында осындай құжаттардың дұрыстығын белгілеуге құқылы.

Тәуекелге ұшыраған лауазымның атауы

Аудит басқармасының бөлім басшылары мен мамандары

Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар

ҚР Салық кодексінің 181-бабының 4-тармағы алынып тасталсын. Қосымша құжаттарды қабылдауды болдырмау, өйткені тексеру барысында салық төлеушіге құжаттарды ұсыну туралы талап қою арқылы қосымша уақыт беріледі. Барлық толық мән-жайлар қабылданғаннан және құжаттар ұсынылғаннан кейін ғана тексеру актісі жасалады.

Күтілетін нәтиже

ҚР Салық кодексінің 181-бабының 4-тармағын алып тастау салық төлеушіге есептелген салықтарды төлеу мерзімін кешіктіретін және МКД қызметкерлерінің жұмыс уақытын алаңдататын (ойдан шығарылған) қарсылық беруді тоқтатады.

Тәуекелді жоюдың болжамды мерзімі

2024-2025ж.ж.

 

3) Сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар жұмыс процесінің атауы

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу тәртібі мен шарттары.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы

Қызметкердің Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы халықаралық почта жөнелтімдері (бұдан әрі-ХПЖ) өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызуы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелін қамтитын жұмыс процесінің толық сипаттамасы

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы халықаралық почта жөнелтімдері (бұдан әрі- ХПЖ) өткізетін тауарларды "ҚР Кедендік реттеу туралы" ҚР Кеден кодексінің 339-бабының 4-тармағына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызуды кеден органы мыналарды негізге ала отырып жүзеге асырады:

1) жеке тұлғаның Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар туралы ауызша нысанда немесе жолаушылар кедендік декларациясын пайдалана отырып жазбаша нысанда өтініші;

2) тауарлардың сипаты мен саны;

3) жеке тұлғаның Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өту және (немесе) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы осы жеке тұлғаның немесе оның атына өткізу жиілігі. Тасымалдау нормалары Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешімімен белгіленген. Тауарларды жатқызу критерийлері "жеке тұлғалар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу критерийлерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығымен белгіленген.

Тәуекелге ұшыраған лауазымның атауы

Жеке пайдалану үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы ХПЖ өткізетін тауарларды кедендік тазартуды жүзеге асыратын қызметкерлер.

Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар

"Жеке тұлғалар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу өлшемшарттарын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығына Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы ХПЖ өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу бөлігінде өзгеріс/толықтыру енгізу.

Күтілетін нәтиже

Жеке пайдаланылатын тауарлар ретінде декларацияланатын коммерциялық қызмет үшін ХПЖ әкелінетін тауарларды алып тастау.

Тәуекелді жоюдың болжамды мерзімі

2024-2025ж.ж.

 

4. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар жұмыс процесінің атауы

Экспорттаушыларды / импорттаушыларды валюталық бақылау бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту процесі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы

Заңды және жеке тұлғалармен байланыс.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелін қамтитын жұмыс процесінің толық сипаттамасы

Экспорттаушымен / импорттаушымен хат алмасу ақпараттық жүйелерді пайдаланбай қағаз жеткізгіште жүргізіледі

Тәуекелге ұшыраған лауазымның атауы

Валюталық бақылау бойынша тексеруді жүзеге асыратын қызметкерлер.

Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар

Валюталық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерге "салық төлеуші кабинеті"АЖ арқылы экспорттаушылардың/импорттаушылардың атына құжаттарды ұсыну үшін сұрау салулар жіберуге мүмкіндік беру қажет.

Күтілетін нәтиже

Қызметкерлердің заңды және жеке тұлғалармен байланысын болдырмау.

Тәуекелді жоюдың болжамды мерзімі

2024-2025ж.ж.