Date of publication: 18.01.2018 16:58
Date of changing: 13.02.2018 12:10

2018 жылдың 17 қаңтарынды Астана қаласының Кәсіпкерлер Палатасының алаңында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі-Департамент) өкілдерінің қатысуымен Астана қаласының кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің 27-ші отырысында Ирак Қасымұлы Елекеевтың төрағалығымен.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

1. Астана қаласы кәсіпкерлер палатасына 2017 жылы түскен өтініштер бойынша есеп;

2. «Запчасть-ЖД» ЖШС, «Таймас» ЖШС және «СТОУН ХАУС» ЖШС коммерциялық объектілерінің мысалындағы кейбір инфрақұрылыммен жабдықтауға қатысты мәселелер;

3. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық елдерінің қатысуымен өткізілетін қалалық зергерлік бұйымдардың көрмелерін іске асыру аясында бақылаудың болмауы салдарынан 51 кәсіпкерлік субъектінің шағымын қарау.

Департаменттің басқарма басшысының м.а. Тастанбеков Н.С. отырыстың күн тәртібіндегі үшінші мәселені қарау шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтан басқа мүше мемлекеттердің Қазақстан Республикасы аумағына әкелінген тауарларға бақылаудың жүргізілуі мен көрмедегі сауда бойынша ҚҚС төленуі жайлы егжей-тегжейлі сипаттап берді.

Кеңестің 27-ші отырысы барысында, әрі қарай күрделі мәселелердің оң шешімін табуы жөніндегі ұсыныстар жасалды.