Date of publication: 21.05.2018 12:05
Date of changing: 21.05.2018 12:06
2018-жылдың 15-мамырында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы Құқытық статистика жіне арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасы өкілдерінің қатысуымен Дөңгелек үстел өтті.
Аға прокурор Токеев Дархан Шукирбаевич кәсіпкерлерді қорғау мақсатында әзірленген «Qamqor» ұялы қосымшасын таныстырды.
Бұл қосымшаны ұялы телефонға орнатқан жағдайда, кәсіпкерге тексеру тағайындалғанда «Сізге тексеру келеді» деген Push-хабарлама келеді.
Сонымен қатар, қосымшада тексеруге қатысатын тұлғалар туралы барлық мәлімет, тексеру мерзімі, құқықтық негіздері, тексеру сұрағы көрсетіледі.
Кәсіпкерге тексеруге дейін және тексеру барысында орын алған заң бұзушылықтар туралы онлайн режимінде шағым жіберуге мүмкіндік бар.
Жіберілген бұзішылықтар туралы хабарламалар жедел түрде жауап беру үшін дереу Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне келіп түседі.
Сондай-ақ, электрондық акт енгізу жолымен мемлекеттік органмен тағайындалған тексеруді тіркеу тәртібі оңайлатылған.
Мұндай жаңалықтар ресурстарды үнемдеуге, акт тіркеу уақытын қысқартуға, негізсіз тексерулерді жоюға және басқа да артықшылықтарға ие.
Әрі қарай, статист-маман Хасенов Арғын Талғатұлы бұл «Цифрлы Казақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында республика экономикасының даму қарқынын арттыру міндетін орындау және санды технологияларды қолдану арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жүргізіліп жатқан шара екенін жеткізді.
Отырыс «сұрақ-жауап» бөлігімен аяқталды.