Date of publication: 28.04.2016 16:29
Date of changing: 28.04.2016 17:05

Жалған кәсіпкерлікпен байланысты құқық бұзушылықтардың  анықтау және алдын алу

Жалған кәсіпкерлікті құру фактілері анықталған сот шешімдерінің күшәне енуінің негізінде Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жалған кәсіпкерлікпен мәміле жасаған тұлғаларға қатысты салықтық бақылауды жүзеге асырады, мемлкеттік кірістер органдарына бюджетке түсетін міндетті төлемдердің  және өзге де салықтардың толық түсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар салық төлеушілердің салықтық міндеттерін орындауға салықтық бақылауды жүзеге асыру міндеті жүктелген. Аталған әрбір нақты жағдайларда залал жалған кәсіпкерлік контрагенттінің салық және өзге де алынған несиені төлеу сомасынан анықталынады.

Жалған кәсіпкерлік, яғни кәсіпкерлік қызметті немесе банктік қызметті  жүзеге асыру ниетінсіз құрылған,  тыйым салынған қызметті жасыру немес өзге де пайда алу мақсатында азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіретін коммерциялық ұйым болып табылады. Жалған кәсіпкерлікті құру себебі болып кәсіпкерлік қызметпен айналысу ниетінің болмауы болып табылады. Жалған кәсіпкерліктің мақсаты  несие алу, салық төлеуден жалтару, тыйым салынған қызметтен мүліктік немесе өзге де пайда табу болуы мүмкін. Сонғы 5 жылда Астана қаласы бойынша жалған кәсіпкерлікті анықтау фактілерінің өсу деңгейінің тұрақты динамикасы байқалады.

Жалған кәсіпкер ретінде таынлған салық төлеуші туралы ақпарат тиісті уәклетті органның сайтында ( kgd.gov.kz/салық төлеушілер тізімі/жалған кәсіпкерорын тізімі) контрагенттіктерін көрсету арқылы жарияланатынын атап өткен жөн. Егер қылмыстық іспен жалған кәсіпорынды құрған тұлға кәсіпорын атынан  бухгалтерлік және салықтық есептілік тәртібі бойынша көрсетілмеген белгісіз тұлғалардан тиісті құжаттарды рәсімдемеу арқылы алынған тауарларды өндіргені анықталған болса, оның әрекеті жалған кәсіпкерлік ретінде сараланады. Бұл жағдайда жалған кәсіпорын контрагенттіктерінен осындай мәмілелер бойынша қосылған бағасынан салық соммасын және шығындарды шегеру жатады.

Қазіргі уақытта Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті әкімшілендіру салық процесін оңтайландыруды жүргізіп жатыр. Мысал ретінде, камералдық бақылауды алуға болады, яғни салық төлеушіге анықталған бұзушылықты өзі жоюға құқық беріледі.

Камералдық бақылау нәтижесінде бұзушылық анықталған жағдайда камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықты жою туралы анықталған бұзушылық тізімі көрсетілген қосымшаны қосу арқылы хабарлама толтырылады. Мұндай хабарлама салық төлеушімен (салық агентімен) хабарламаны алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалады. Егер салық төлеуші белгіленген уақытта камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықты жою туралы хабарламаны орындамаған жағдайда, салық органы хабарламаны орындау уақыты өткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтатуға құқылы.

Салық қызмет органдарының заңды талаптарын орындамаушы немесе әр тұрлі себептермен орындаудан жалтарушы салық төлеушілерге экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерімен бірге шаралар қолданылады.

Қорыта келе, жалған кәсіпорындармен мәміле жасауды болдырмау үшін жалған жоғарыда аталған ҚР ҚМ ММК сайтында көрсетілген кәсіпорын тізімі бойынша әрбір контрагентті тексеру қажет. Сонымен қатар, оның құрылтай құжаттарын тексеру керек және жасалған келесім шарт бойынша орындалатын жұмыс және көрсетілетін қызметті факті бойынша бақылау қажет.