Date of publication: 05.07.2016 15:55
Date of changing: 05.07.2016 15:55

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті алкоголь өнімін сақтау, көтерме және бөлшек саудуда өткізу қызмет түрлерін жүзеге асыруға  жыл сайынғы лицензиялық алым туралы хабарлайды.

Қазақсатн Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы «Қазақсатн Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы негізінде Салық кодексінің 472-бабының 3- тармағына өзгеріс енгізілген, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жыл сайынғы алкоголь өнімін сақтау, көтерме және бөлшек саудуда өткізу қызмет түрлерін жүзеге асыруға   лицензия алған төлеушілер, тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда, алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылдың 20 шілдесіне дейін төлейді.

Жыл сайынғы лицензиялық алым төлеушілері алкоголь өнімін сақтау, көтерме және бөлшек саудуда өткізу қызмет түрлерін жүзеге асыруға   лицензия алған жеке және заңды тұлғалар жатады.

Алым әр қызмет нысанына төленіп, көтерме сатушыларға 200 АЕК-ті құрайды, ал бөлшек сатушыларға әкімшілік-аумақтық бірлігіне байланысты сараланады, ел ордасында – 100 АЕК.

Алым жеке кәсіпкермен немесе заңды тұлғаның тұрғылықты жеріне төленеді (жеке кәсіпкедің немесе заңды тұлғаның тіркелген мекен жайы бойынша) 105402 БКК.

Сонымен қатар алкоголь өнімдердің жыл сайынғы алымын төлемей қоймада сақтап немесе сатылуын жүзеге асырған жағдайда ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық» кодексінің 282 бабының 8 тармағына байланысты 150-ден 700 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны, сонымен қатар лицензияның күшінің 6 айға дейін тоқтатылуы қарастырылған.