Жарияланған күні: 28.01.2016 12:16
Өзгертілген күні: 28.01.2016 12:18

         Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы «Ақша төлемi мен аударымы туралы» Заңының 11 бабына сәйкес, ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жердегiлерді қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бюджетпен есеп айырысудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін қолданатын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар өз қызметiн жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдердi қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) орнатуды және қолдануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдердi қабылдауға мiндеттi. Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдердi қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Бұл ретте ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жердегiлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимiн қолданатын және қызметін Астана, Алматы қалаларында, облыстық маңызы бар қалаларда жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар осындай жабдықты (құрылғыны) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап орнатуды және қолдануды қамтамасыз етуге міндетті.

Төлем карточкаларын қолданумен төлемдерді қабылдау үшін арналған, жабдықтың (қондырғының) қолданылуы әрекеттің жеке түрлерінің тізімдемесі  29.10.2014ж. №1147 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген.  

POS-терминал қызметтің қандай түрлерін қолдануға тиіс

ЖК және заңды тұлға АСР қолданатын,  дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар POS-терминалдарды орнатуды қамтамасыз етуге міндетті.

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі (бұдан әрі - Салық кодексі)                         644 бабының 18 тармақшасына сәйкес, ақшалай есеп айырысулар – тауар сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысулар болып таблады. Салық кодексінің 644 бабына сәйкес, ақшалай есеп айырысу кезінде бақылау-касса машиналарын қолдану міндетті.

Сонымен қатар, ескеріңізде болсын 2015 жылдың 12 қыркүйегінен бастап қолма-қол ақша мен тауарлық түбіртек кітабын есепке алу өзгертілді.

Есте сақтаңыз!

Түбіртекті беруден бас тарту - бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін бұзу болып табылады және ӘҚБтК-нің 284бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

POS-терминалды қолданудан бас тарту қолма-қол ақшасыз есептеу тәртібін бұзу ӘҚБтК 194-195 баптарымен әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.